Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени С.Муканова»
Официальный интернет-ресурс
Судағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері. Правила безопасного поведения на воде.

Судағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері. Правила безопасного поведения на воде.

Судағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері

БАЛАЛАР, ЕСТЕ САҚТАҢДАР:

  • суға тек рұқсат етілген жерлерде және міндетті түрде ересектердің бақылауымен шомылуға болады;
  • шомылған кезде жақын маңда адамдар болуы тиіс;
  • бейтаныс жерлерге сүңгуге болмайды — су түбінде батып кеткен бөренелер, тастар, бұтақтар, темір заттар болуы мүмкін;
  • батпақты жерлерде, балдыр немесе лай бар жерде шомылуға болмайды;
  • жағадан алыс жүзуге болмайды, бұл тіпті жақсы жүзетіндер үшін де қауіпті;
  • қайықтарға және басқа жүзу құралдарына жақын жүзуге болмайды;
  • жүзуді білмесеңіз немесе нашар жүзсеңіз, терең жерге бармаңыз;
  • суда басқа шомылып жүргендерді ұстап алуға байланысты ойындар ойнамаңыздар;
  • үрлемелі матрастар мен камераларда жүзуге болмайды (егер нашар жүзсеңіз);
  • бөренелерде, тақтайларда және қолдан жасалған салдарда жүзуге тырыспаңыздар.

ЕРЕСЕКТЕР, ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР:

  • балаларға табиғи және жасанды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері мен оларды бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет;
  • балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыздар, тіпті олар жүзе білсе де; балалар суда болған кезде көзден таса қылмаңыздар;
  • шомылу үшін терең емес (60–80 см), түбі құмды және ағысы әлсіз жерді таңдаңыздар;
  • балалардың суда ұзақ тұрмауын, күн астында көп отырмауын және дымқыл киіммен ойнамауын қадағалаңыздар;
  • шомылу уақытын 3-тен 30 минутқа дейін сақтау қажет (жиі шомылған дұрыс, бірақ уақытын шектеу керек);
  • балаларға суда қатты шулап ойнауға рұқсат бермеңіздер және өздеріңіз де ондай ойындар ұйымдастырмаңыздар; жалған көмек шақыруға жол бермеңіздер;
  • музыканы қатты тыңдауға болмайды, себебі көмек сұраған дауысты естімей қалуыңыз мүмкін.

Правила безопасного поведения на воде

ДЕТИ, ПОМНИТЕ:

* купаться можно только в разрешенных местах, обязательно в присутствии взрослых;
* при купании поблизости должны быть люди;
* нельзя нырять в незнакомых местах — на дне могут оказаться притопленные бревна, камни, коряги, металлические прутья и т.д.;
* не следует купаться в заболоченных местах и там, где есть водоросли или тина;
* нельзя заплывать далеко от берега, это опасно даже для умеющих хорошо плавать;
* нельзя подплывать близко к которым лодкам и прочим плавательным средствам;
* нельзя заходить на глубокое место, если не умеете плавать или плаваете плохо;
* не устраивайте в воде игр, связанных с захватом других купающихся;
* нельзя плавать на надувных матрасах и камерах (если плохо плаваете);
* не пытайтесь плавать на бревнах, досках, самодельных плотах.

ВЗРОСЛЫЕ, ПОМНИТЕ:

* необходимо провести разъяснительную работу с детьми о правилах поведения на природных и искусственных водоемах и о последствиях их нарушения;
* не оставляйте детей без присмотра вблизи водоемов, даже если они умеют плавать; не отрывайте взгляд от детей, если они в воде;
* для купания присмотрите неглубокое место — 60–80 см с песчаным дном и несильным течением;
* необходимо следить за тем, чтобы дети не стояли долго в воде, не сидели на солнце, не играли в мокрой одежде;
* необходимо соблюдать продолжительность купания от 3 до 30 минут (купаться лучше часто, но ограничивать продолжительность);
* не разрешайте детям и не устраивайте сами во время купания шумные игры на воде; не разрешайте детям подавать крики ложной тревоги;
* нельзя громко слушать музыку, т.к. вы можете не услышать криков о помощи.